Министрлік киіктер санын реттеуге қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанда киіктер популяциясын сақтау және қалпына келтіру мақсатында мемлекет киіктерді қорғау және оларды есепке алу жүйесін құру бойынша бірқатар шаралар қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл шаралар киіктер санын тұрақтандыруға және олардың популяциясының деградацияға ұшырауын тоқтатуға, киіктердің тұрақты даму деңгейіне және өздігінен өндірілетін ресурстарын кәсіптік пайдалану мүмкіндігіне дейін популяцияны қалпына келтіру үшін объективті негіздер құруға мүмкіндік берді.

Аталған шаралар кешені республикада киіктер популяциясын 2003 жылы 21 мың дарақтан 2023 жылы 1 млн 950 мың дараққа дейін сақтау және қалпына келтіру барысында айтарлықтар жетістікке қол жеткізді.

1970-1980 жылдар аралығында Қазақстанның бүкіл аумағында қысқы жайылымдарда (киіктер үшін ең қиын) азықтың орташа өнімділігі, жануарлардың азыққа тәуліктік қажеттілігі және олардың қысқы жайылымдарда болу ұзақтығы негізінде есептелген киік популяцияларының ғылыми негізделген оңтайлы саны 800-900 мың дарақ деңгейінде айқындалды.

Қазіргі уақытта ғалымдар киіктердің ең аз тұрақты санын 1 млн-нен басқа белгілеген, осы шекті деңгейге жеткенде кез келген алып қоюды тоқтату керек.

Сонымен бірге жыл сайынғы 40% өсімнің болжамды деректері бойынша 2025 жылдың соңына қарай киіктер саны 4,2 млн. дараққа жетеді, бұл киік мекендейтін аймақтарда ауыл шаруашылығымен шиеленіс сияқты әлеуметтік алаңдаушылық тудыратын күрделі проблемаларға алып келеді.

Сондай-ақ қысқы кезеңде киіктер санының көптігіне, табиғи жайылымдардың шамадан тыс тапталуына, шөптердің түрлік құрамының азайп кетуіне және популяциялардағы жануарлардың аз қоректенуіне байланысты жаппай қырылу қаупі бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы