Министрлік Кентау, Қостанай қалаларындағы жылуға қатысты мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі Кентау, Қостанай қалаларындағы жылумен жабдықтау жағдайы бойынша ақпарат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір күн бұрын Кентауда дауылды желдің салдарынан электр қуатының үзілуі тіркелді, бұл сәйкесінше жылумен жабдықтаудың кейбір бұзылуларына әкелді. Бүгінгі таңда электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді, Кентау ЖЭО-да үш қазандық жұмыс істейді. Ертең, 21 желтоқсанда 4-ші қазандық жұмысқа қосылады, - делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі уақытта көшедегі температура -4С.Жылу беру 60С нормативімен 56С. Бейсенбіде температура 60С дейін жеткізіледі. 

Қостанай қаласы әкімінің ақпараты бойынша, бүгінде қалада магистральдық жылу желісіндегі кішігірім бұзушылықтарды жою бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар бүгін сағат 17.00-ге дейін аяқталады. Әкімдіктің хабарлауынша, бұл жұмыстар қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуге әсер етпейді.

Кентай қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес Кентау қаласындағы № 5 жылу электр орталығы қалыпты жұмыс істеп тұр.

Жылу температурасы +57-ні көрсетсе, кері қайтару температурасы + 41. Барлық электр-жылу желісі қалпына келтірілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Мектептер мен балабақшалардың резервтік қазандықтарын қосу мәселесі қаралып жатыр.

Күннің күрт сууынан және жылу құбырларындағы темпуратураның төмендеуінен қала ішіндегі жылу құбырларында ақау пайда болып, тұрғындарды әбігерге салған болатын. Арнайы бригаданың шұғыл әрекет етуінен жарылған құбырлар қалыпқа келтірілді. Қазіргі таңда қала тұрғындарын толықтай жылумен қамту мақсатында жұмыс штаттық режимде жүріп тұр.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов және Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, желтоқсанның 13-нен бастап дауылды жел соғып, қалада жарық өшкен. Салдарынан 4 қазандық сөніп, жылу желісінің температурасы 60-тан 27 градусқа дейін төмендеді. Одан кейiн кей жерлерде екпiнi 40 м/с және одан да жоғары болатын қатты желден жылу жүйесі 6 рет тоқтап қалды.

Жылу орталығында соңғы рет күрделі жөндеу осыдан 10 жыл бұрын жасалған. Биыл демеушілер есебінен 4 қазандық жөндеуден өтті. Әлі екі қазандық толық жаңартылады.

«Кентау сервис» МКК-сі № 5 ЖЭО кәсіпорны 1934 жылы құрылған. Қондырғылар 1952 жылы орнатылған. Жылу құбырларының ұзындығы 169 шақырымды құрайды. Кентау қаласында №5 ЖЭО-ғы 14 000 астам абонентті жылумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 350-ге жуық көпқабатты үй, 100-ден аса бюджеттік мекеме, 401 коммерциялық нысан және 2 мыңнан аса жеке сектордағы үй бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы