Қорғаныс министрлігінде үздік кадет таңдалуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында ауыспалы құрам арасында жыл сайынғы «Үздік кадет» әскери-кәсіби шеберлік байқауы басталды.

Байқаудың негізгі мақсаты жеке дайындық, кәсіпқойлық деңгейін, сержанттар корпусының имиджін арттыру және әскери-кәсіби тұрғыдан анағұрлым дайындалған кадеттерді анықтау болып табылады.  

Байқау қатысушылары тактикалық, атыс және дене даярлығы бойынша нормативтерді орындайды, әскери топография және байланыс бойынша өздерінің білімдерін паш етеді. «Үздік кадет» байқауы екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – оқу роталары деңгейінде, екінші кезең – оқу батальоны деңгейінде.


Бүгінде Кадет корпусы кәсіпқой сержанттарды дайындаудың негізгі орталығы болып табылатынын айта кету қажет. Бұл білім ошағының түлектері Қарулы Күштерде қызметтерін лайықты түрде атқарып жүр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы