19 Маусым 2024 2024, 10:18 Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Министрлік елдегі су қоймаларындағы жағдай туралы айтты

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су қоймаларындағы жағдай туралы мәлімет айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су қоймаларындағы жағдай туралы мәлімет айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 91%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 97,4%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 99,6%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 88,5%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істеп тұр.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 92,6%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 91%-ға толы.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 88,6%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Су қоймаларына жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.