Министрлік COVID-19-ға 10 000-ға жуық зерттеу жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының зертханасы COVID-19-ға 10 000-ға жуық зерттеу жүргізді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы базасында вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс-зертхана осы уақытқа дейін коронавирусқа шамамен 10 мың тест жүргізді. Референс-зертхананың тәуліктік қуаты 300 үлгіні құрайды. Тәулігіне 3000 үлгіге дейін жеткізу көзделген. COVID-19 нәтижелерін нақты растау үшін зертханада анықталған тест жүйелері қолданылады. Сонымен қатар референс-зертхана — тұмау жөніндегі ұлттық орталық, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен белсенді түрде жұмыс істейді - делінген хабарламада.
Референс-зертхананың міндеті — референсті, арбитраждық, верификациялық зерттеулер жүргізу және үлгілерді қайта тестілеу.
Республика зертханаларына референс-зертхананың қызметкерлері ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсететінін айта кеткен жөн.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус салдарынан бір ел жойылып кетуі мүмкін
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы