Министрлік биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын 2022-2025 жылдар кезеңінде жыл сайын орта есеппен 20%-ға арттыру басталады. 

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі хабарлады.

Нәтижесінде, 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады. Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және т. б. мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 591 мың азаматтық қызметшіге еңбекақыны көтеру әсер етеді - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы