Министрлік беделді оқу орнының ректорына қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді
Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанайға қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрлік ақпараттық кеңістікте Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры ретінде Гүлмира Қанайдың еңбек қызметін аяқталу мәселесін талқылауға байланысты төмендегіні түсіндіреді.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті еліміздегі қыздар арасынан болашақ мұғалімдерді даярлайтын жалғыз бейінді жоғары оқу орны.
Мемлекет қажетті жағдайлар жасап, Университеттің дамуына және оның инфрақұрылымын жақсартуға жан-жақты қолдау көрсетуде.
Гүлмира Қанай заңнамаға сәйкес 2021 жылғы маусымда 3 жылға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры лауазымына тағайындалды.
Жоғары оқу орнының стратегиясы мен даму жоспарында көзделген басталған іс-шараларды аяқтау үшін 2024 жылғы 7 маусымдағы ҚР ҒЖБМ бұйрығымен еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша 1 жылға ұзартылды, - делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, ҚР Еңбек кодексі 49 баптың негізінде еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты Г. Қанай аталған лауазымда қызметін тоқтатты.