Министрлік азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін не істемек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрлгі елдегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін Жол карта әзірледі және ол келесі айда іске асырылы бастайды. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында министр Бақыт Сұлтанов айтты.
Оның айтуынша, бағаны тұрақтандыру Жол картасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп жасалды.
Шараларды төрт бағытқа бөлуге болады.
Ең алдымен, тексерулер мен комплаенс. Шаралар бұқаралық ақпарат құралдар және әлеуметтік желілер арқылы атқарылған жұмысты жариялай отырып, мемлекеттік органдар тарапынан бағаны негізсіз көтерген нарық субъектілеріне бақылауды күшейтуге бағытталған. Екіншісі - cауда шаралары қолданыстағы тетіктерді жетілдіруді көздейді. Осы шараларды орындау үшін әкімдіктер сауда саясатын іске асыру жұмысын және бақылау функцияларын күшейтуі қажет, - дейді ол.
Ал үшінші бағыт өндірісті ұлғайту және кәсіпорындарды қолдауды көздейді.
Іс-шаралар кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын ұлғайтуға, шығындарды өтеу және қолданыстағы субсидияларды қайта қарау арқылы ынталандыруға бағытталған. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар өндірушілері үшін электр энергиясы тарифтерін бір қалыпта ұстау көзделген. Бұдан басқа, импортқа жоғары тәуелді тауарларға бағдарлана отырып, тұрақтандыру қорлары қайта қаралатын болады. Ауыл шаруашылығы министрлігі Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен бірлесіп көктемгі егіс жұмыстары кезінде форвардтық келісімшарттарды ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейтеді, - дейді министр.
Соңғы бағытта заңнамалық өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттік сатып алудың конкурстық рәсімдерін оңайлату, шекті бағаларды белгілеу туралы қаулыларды келісу мерзімдерін қысқарту, бағаларды болжау тетігін енгізу сияқты түбегейлі өзгерістер қарастырылған.
Ұлттық тауар өткізу жүйесі мен әлеуметтік әмиянын жедел ретінде іске қосу бір жағынан бағаны тұрақтандарады, екінші жағынан отандық тауар өндірушілер үшін өнімдерін сату нарығына және олар үшін экономиканың айналымындағы қаржы ресурстарының қол жетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, Жол картасын сапалы орындау үшін оны іске асыру бойынша Үкіметтің жанынын мониторингтік орталығын құруды және оны орындаушы органдардың жауапкершіліктерін бекітуді ұсынамыз, - деді Сұлтанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мамин Аймағамбетов пен әкімдерге тапсырма берді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы