Министрлік: Ақмола облысының екі ірі су қоймасы 100% толды

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, салалары тұрақтанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Кеше тасқын суы «Альва» лиманды суару жүйесінің «Ескі грейдер» бөгетін арқылы асып кетті. «Қазсушар» мен жергілікті тұрғындардың күшімен тасқын суының бөгеттен асуы тоқтатылып, Қараөткел кентін су басу қаупі сейілді.

СҚО

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасуда. Екі су қоймасы да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұо, бұзылу қаупі жоқ. Су тораптары көп факторлы тексеруден өтті, нысандардың техникалық жағдайы қанағаттанарлық.

Осы уақытқа дейін Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі-1330 см, бір тәулікте ол 27 см-ге көтерілді. Мамандар су өткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Өңірдегі жағдай тұрақты.

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші шамамен 80% құрайды.

Абай облысы

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 83% - ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына ағындардың ұлғаюына байланысты су жіберу жұмысы жалғасуда. Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

БҚО

Батыс Қазақстан облысында төрт ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 77%. Иреклі су қоймасынан жіберілген су әзір Қазақстан шекарасына жеткен жоқ. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98%-ға толы, өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Жағдай тұрақты.

Қостанай облысы

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 93%, мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмысын жалғастыруда.

Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік жалғасуда, сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Өзгелердің жаңалығы