Министрлік Альберт Линдердің қазасына байланысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Ауыр атлетико еліміздегі дамыған спорт түрі. Кезінде Кеңестік Одақта, еліміз Тәуелсіздік алған кезден бастап-ақ үлкен жетістіктерге жеттік. Әрине, бұл сұрақ Мәдениет және спорт министрлігінің бақылауында. Біз аталған мәселеге қатысы бар екі жаттықтушыны жұмыстан шығардық. Олар бас жаттықтырушы әрі көмекшісі болатын. Альберт Линдердің қазасынан кейін біз ондай қателікті қайталамауға тырысамыз. Бұдан былай министрлік бүкіл спортшылар мен олардың жаттықтырушылармен кездесіп, барлық мәселені бірге қарастыратын болады,- деді вице-министр.
Еске сала кетейік, зілтемірші Альберт Линдердің қазасынан кейін ауыр атлеттер өз жүлделерін қоқысқа тастап, бұл спорттағы жемқорлықтың көбейгендігін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зейнетақы жинақтары жыл басынан бері 455 млрд теңгеге көбейді
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы