Министрлік 4%-дық автонесие бағдарламасын тоқтату туралы: Несие өте қолжетімді болып кетті
4%-дық автонесие бағдарламасының тоқтатылу себебі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
БАҚ өкілдері вице-министрден: "4%-дық автонесие бағдарламасын тоқтатып, халықтың ашуына тимейсіздер ме?" - деп сұрады.
Біз білеміз. Өкінішке қарай, біздің жағдайды қалай болатынын алдын ала білсек, осындай жағдай болмаушы еді. Базалық мөлшерлеме өсті. Сұраныс та жоғарылады. Шектеулер болмады. Ең басты мәселе — несие өте қолжетімді болып кетті. Бір сөзбен айтқанда, - деп жауап берді ведомство басшысының бірінші орынбасары.
Еске сала кетейік, бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 4%-дық автонесие бағдарламасының тоқтауы мүмкін екендігін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сарапшылар: Конституциялық сот келесі бір инстанция емес
Өзгелердің жаңалығы