Төтенше жағдай: Қорғаныс министрлігі карантинді қамтамасыз етуге қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштер Төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жағдайына алдын-ала кешенді іс-шаралар жүргізіп, жүктелген тапсырманы орындауға кірісіп кетті.

Аса маңызды мемлекеттік және әскери нысандардың күзеті күшейтілді. Әскери қызметшілер Ұлттық гвардия және полиция бөлімшелерімен бірігіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдеуге қатысады.

Карантинді аймақ бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы байланыс және қиылысу пунктерінде десанттық шабуылдау әскерлері мен бітімгершілік полкі тәулік бойы қызмет етеді. Осы мақсатты орындауда келісімшарт бойынша, арнайы даярлықтан өткен, осындай іс-қимылда тәжірибесі мол әскери қызметшілер жұмыс істейді.

 Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелерінің дайындығына ерекше көңіл бөлінді. Зақымдану қаупі бар аумақтар мен нысандарды арнайы өңдеу үшін жасақтар құрылды. Дезинфекциялау үшін қажетті реагенттер қоры бар 1 автомобиль құю станциялары (АРС-14KZ) әзірлікке келтірілді.

Жергілікті объектілерді өңдеу үшін жеке газсыздандыру жиынтықтарын (ИДК-1) қолдану жоспарланып отыр.

Жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды ескере отырып, әскери қызметшілер қойылған міндеттерді кез келген жағдайда орындауға дайын.

Ең басты бағыттарға күш-жігерді тиімді жұмсау мақсатында Қорғаныс министрлігінің жедел штабы жергілікті билік органдарымен, ішкі істер және денсаулық сақтау органдарымен үздіксіз жұмыс жасайды.

Осыған дейін басталған санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен мен әскери қызметшілердің қауіпсіздігін тұрақты орналастыру пункттеріндегі міндеттер, жерлерде кезекшіліктер атқару және тапсырамларды орындау одан әрі өз жалғасын табатын болады.

Мерзімді әскери қызметке шақырылғандар карантинде болғандықтан арнайы тапсырмаларды орындауға қатыспайды. Оларға сейілдемеге шығуға, азаматтармен, оның ішінде  туыстары және достарымен қарым-қатынас жасауға шектеу қойылады.

Қарулы Күштердің басшылығы әскери қызметшілердің жақындары мен туыстары түсіністікпен қарап, қолдау көрсететініне сенім білдіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы