Қорғаныс министрлігі қоқыстан табылған құжатқа қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы қоқыс үйіндісінен табылған ҚР ҚМ "Қолдау" РМК құжатына қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі арнайы түсініктеме берді.
Шыныменде мұндай дерек орын алды. 2016 жылы ауданаралық эканомикалық сотынының шешімімен (Нұр-Сұлтан қ.) ҚР ҚМ "Қолдау" РМК – Қорғаныс министрлігінің ведмстволық бағынысты мекемесі банкрот деп танылып, белгіленген ретпен жойылды. ҚР ҚМ "Қолдау" РМК бұрынғы кеңселерінің бірінде осы құжаттар сақталған. Жаңа иелері құжаттарды лақтыруға мәжбүр болды. Өкінішке орай, жабылған РМК-ның лауазымды тұлғалары құжаттарды белгіленген ретпен жоймай, тастап кеткен - делінген министрлік хабарламасында.
Табылған құпия емес сипаттағы барлық құжаттама жабылған кәсіпорынның ішкі құжаттарына жатады және Қорғаныс министрлігіне қатысы жоқ.
Табылған марапатқа қатысты хабарлаймыз, бұл қоғамдық бірлестіктің белгіленбеген белгісі, ресми марапаттарға жатпайды және құндылығы жоқ. Сонымен қатар, егер сіз осындай фактілерге куә болсаңыз, анықтау үшін бірінші кезекте тәулік бойы қызметтегі Қорғаныс министрлігіне хабарлауыңызды сұраймыз - делінген хабарламада.