Министрлерге интернет пен ұялы байланыстың сапасы туралы сұрақтар көп қойылады

Өңір әкімдерінің есептік кездесулері туралы  Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу кестесі бекітілді. Жаңа форматқа сәйкес кездесулер «жүзбе-жүз, ашық тілдесу» түрінде өткізіледі. Оған дейін баспасөзде және әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Өңірлерге жұмыс сапары кезінде министрлер азаматтарды жеке қабылдайды, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездеседі, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сондай-ақ жоспарланған кездесулерге орай азаматтардың өтініштеріне арнайы алдын-ала талдау жүргізілген. 

Мұның барлығы проблемаларды мұқият зерделеуге, оларды әкімдік деңгейінде немесе ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Министрлерге қалалар мен ауылдық елдімекендердегі ұялы байланыс пен интернеттің сапасы, электр қуатын беру, газдандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік проблемалар бойынша көптеген сұрақтар қойылды, - дейді Әлихан Смайылов.

Белгілі болғандай, жаңа форматқа сәйкес аталған проблемалардың шешімі мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы