Министрлер мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету мәселелерін талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Еңбек министрлігі алаңында медициналық-әлеуметтік сараптаманы трансформациялау, мүгедектігі бар адамдарға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну, Әлеуметтік қызметтер порталының және «Техникалық оңалту құралдары» ақпараттық жүйесінің қызметі бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеңес басында ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Корлан Төлебаева Еңбек министрлігіне медициналық-әлеуметтік сараптаманы (бұдан әрі – МӘС) трансформациялау бойынша әзірленген тәсілдер туралы хабарлады.

Ол трансформация келесі бағыттар бойынша жоспарланып отырғанын атап өтті:

- мүгедектікті белгілеу мақсатында МӘС-ке пациенттерді жіберу бойынша дәрігерлік-консультативтік комиссиялардың жұмысын орталықтандыру;

- аяқ-қолдардың туа біткен және жүре пайда болған ампутациялық тұқылы, Даун синдромы, балалардағы мукополисахаридоз ауруы секілді жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мүгедектікті белгілеуді автоматтандыру;

- ағзаның функционалдық бұзылыстарының айқындылық дәрежесін бағалауға негізделген балдық жүйені қолдану, бұл азаматтарды МӘС-ке жіберудің негізділігін анықтауға мүмкіндік береді;

- 100% сырттай проактивті куәландыруға көшу.

Светлана Жақыпова мен Ақмарал Әлназарова МӘС-ке жіберілетін медициналық құжаттардың сапасын арттыру үшін екі министрліктің ақпараттық жүйелерін цифрландыру және интеграциялау, мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері мен оңалтудың техникалық құралдары мәселелерін талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша Ақмарал Әлназарова ҚР ЕХӘҚМ бастамаларын қолдады. Ведомство басшылары одан әрі бірлескен жұмыс туралы келісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы