Министрлер еліміздегі сөз бостандығына қатысты пікірлерін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет кулуарында бірқатар ведомства басшылары еліміздегі БАҚ-тың жұмысына баға берді. Журналистер Қазақстандағы БАҚ-тың сөз бостандығына қатысты сұрақтар қойды.

Премьер-Министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев еліміздегі журналистердің сөз бостандығына қатысты ойы:

Сіздер қандай сұрақ қоям десеңіздер де қоя аласыздар. Біздің жауабымызды қабылдайсыздар ма, қабылдамайсыздар ма оны өздеріңіз шешесіздер. Сол себепті сөз бостандығы бар деп ойлаймын. Бізге әртүрлі сұрақтар қойылады оған жауап беру үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Сұрақ қоюға, пікір алмасуға ешқандай шектеу болып жатқан жоқ деп есептеймін. Мен журналистердің ішкі дүниесін нақты білмеймін, ол қай бағытта қай акционерлік қоғамға жұмыс істеп жатқанын білмеймін.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Қазақстандағы сөз бостандығын жақсы деп бағалайтынын айтты.

Сөз бостандығын жақсы бағалаймын. Бірақ әлі де дамитын потециалымыз бар. БАҚ туралы заңнан бөлек, бізде ақпаратты толық беру әрі жеткізу мәселесі бар. Одан кейін ақпарат беруші спикерлерді дайындау және салалық тұрғыдан бірқатар кемшілік бар. Ең бастысы, журналист кәсіби болуы қажет ал оған нақты ақпаратты мемлекеттік органдар дер кезінде беруі тиіс. Әр жағдайға бөлек қарау керек. Қоғамда бәрі болуы мүмкін. Егер қандайда жағдайда журналистің құқығы тапталса, біздің министрлікке жүгіне алады. Министрлік әр жағдайды бөлек қарастырады.

Премьер-Министр орынбасары Ералы Тоғжанов журналистердің жауапкершілігі екіжақты болуы керек дейді.

Меніңше, бүкіл жағдай жасалған. Ешқандай шектеу жоқ 5-ке бағалауға болады. Бүкіл БАҚ түсінуі керек елімізде журналистика саласымен айналысатын азаматтар өз құқықтарымен қатар өте жоғары деңгейде жауапкершілік барын білуі тиіс деп ойлаймыз. Неге десеңіздер, олар қоғамның тұрақтылығына, елдің бірлігіне тікелей әсер ете алады. Журналистерді мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы көпір деп  есептесек, жауапкершілік екіжақты болуы қажет деген пікірдемін. Сондықтанда осының бәрін ескеруміз керек. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы