Денсаулық сақтау министріне бәрі көмектесуі керек – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов бүгінгі кеңейтілген үкімет отырысына қатысты пікір білдірді.
Конституция бойынша Президент елдің ішкі және сыртқы саясатындағы ең маңызды принциптерді айтып отырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін де, ең алдымен, қарапайым халықтың өмірі мен денсаулығын бірінші орынға қоюымыз керектігін айтқан. Бүгін отырыста осы сөзін тағы да айта кетті. Ол халықтың денсаулығы – ұлттық қауіпсіздік мәселесімен тікелей байланысты екенін жеткізді. Жалпы, ұлттық қауіпсіздік туралы заңда бәрі жазылған. Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікке баса маңыз беріп отыр. Себебі азаматтардың құқықтары мен денсаулығы – ұлттық қауіпсіздік туралы заңның бірінші беттерінде-ақ тұр. Сондықтан өзге министрлер мен әкімдер Денсаулық сақтау министріне көмектесуі керек. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде денсаулық сақтау саласы бірінші орынға қойылуы керектігін ескертті, - дейді Марат Бәшімов.Бұған дейін кеңейтілген Үкімет отырысына қатысқан Мемлекет басшысы күмәнді стратегиялар мен бағдарламаларға қаражат пен күштерді шашыратуға құқығымыз жоқ екенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркияда жүрген Айнұр Тұрсынбаева Президентке үндеу жолдады
Өзгелердің жаңалығы