Министрдің АҚШ-қа сапары еліміздегі банктердің бірін санкциядан құтқарды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Энергетика министрі Болат Ақшолақов «CERA Week» энергетика жөніндегі конференциясына қатысқан. 

6-8 наурызда Энергетика министрі Болат Ақшолақов АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен «CERA Week» энергетика конференциясының жұмысына қатысты. Іс-шара аясында Қазақстан делегациясы АҚШ Мемлекеттік хатшысының энергетикалық ресурстар жөніндегі көмекшісі Джеффри Пайеттпен және «Chevron», «Exxon Mobil», «ENI» сынды компаниялардың басшылығымен кездесулер мен келіссөздер өткізді, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі. 

Сонымен қатар ол министр сапар барысында қандай мәселелерді талқыланғанына тоқталды.

Тараптар энергетикалық қауіпсіздік, мұнай-газ индустриясы, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Айта кететін жайт, АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі Элизабет Розенбергпен кездесу санкциялық режим мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар «Береке банкті» санкциялық тізімдерден шығаруды реттеуге ықпал етті. Ол туралы шешім 8 наурызда жарияланды, - деді Айбек Смадияров. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық студенттер шетелде несие алып, төлемей кететіні туралы жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы