Министрдің міндетін кім атқаратыны әлі белгісіз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың міндетін кім атқаратыны әлі белгісіз. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты. 

Министрдің міндетін атқаратын адам анықталып, ресми түрде бұйрық шыққан кезде хабарлама жариялаймыз. Әлі министрдің орнына кім болатыны жайлы ақпарат жоқ. Бұйрық шыққан кезде ресми жарияланады, - деді ол. 

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі де коронавирус індетін жұқтырғаны анықталған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы