Министр: Қызғалдақ Наурыздың атрибуттық белгісі болу керек

Астана, BAQ.KZ. Жауқазын, бәйшешек немесе қызғалдақ Наурыздың атрибуттық белгісі, эмблемасы ретінде бекітуді қажет етеді, деп жазды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министрдің айтуынша, кең байтақ еліміз «қызғалдақтың отаны» екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген.

«Адамзатқа әдемілік сыйлап жүрген қызғалдақтың әлемде 3 мыңнан астам түрі бар десек, елімізде оның 35 түрі өсетіні белгілі. Өз жерімізді танытатын гүлді атрибуттық белгі ретінде бекіту арқылы өзіміздің құндылықтарымызды бағалайтындығымызды көрсетпекпіз.Сондай-ақ гүлден ерекше сұлулықпен бірге адам нәр алады. Гүл тұрған жерде биік сезім пайда болады. Мереке күні аналарға, қыз-келіншектерге гүл сыйлау көңілдерге құштарлық сыйлайды. Бұған қоса мекемелер, көшелер, саябақтар жауқазын гүлімен көмкеріліп, абаттандырылса нұр үстіне нұр. Сол арқылы біз Еуропада ерекше қастерленетін голланд қызғалдағының түпкі отаны қазақ даласы екенін де ұрпақ санасына сіңіре түсер едік», -деп жазады Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы