Министр «Жұртқа жақын полиция» жоспары туралы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
Министрдің айтуынша, қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басты назар аударылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, «Жұртқа жақын полиция» жоспары іске асырылуда.
Осының аясында тұрғын үйлердің маңында, саябақтар мен скверлерде қауіпсіздікті бақылайтын патрульдік полицияның саны көбейді. Криминогендік аумақтарда заманауи модульдік полиция бекеттері орнатылды. Сол бекеттерде азаматтарды тәуілік бойы қабылдау үшін жағдай жасалды. Сондай-ақ полиция шақырту, дабыл жүйесі орнатылған. Арызданып келген азамат тікелей бөлімшеге хабарласа алады. Модульдік бекеттер орнатылған аудандарда құқықбұзушылықтар саны қысқарды. Қазір өңірлерде осындай 57 бекет бар. Жыл соңында 27 бекет саламыз. Бес жылдың ішінде барлығы 167 бекет орнату көзделген, - деді ол.
Сонымен қатар министр жыл басынан бері елдегі қылмыс саны 2,5%-ға азайғанын атап өтті. Қарақшылық шабуыл 7%-ға, тонау 22%-ға, бұзақылық 26%-ға азайды. Сондай-ақ жөсөспірімдер арасындағы қоғамдық орындар мен көшелерде және мас күйінде жасалатын қылмыстар төмендеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы