Министр: Жолға қажетті ақша бөлінді, ендігі жауапкершілік мердігерде

Ведомство басшысы БҚО-ға барған жұмыс сапарында инженерлік-коммуникациялық және жол-көлік инфрақұрылымының жағдайын тексеріп қайтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарсы бағытындағы автожолды салып жатқан мердігерлерге өздеріне жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарап, құрылыс жұмыстарын қарқындатуды тапсырды.

Ведомство басшысы Ақжайық өңіріне барған жұмыс сапарында инженерлік-коммуникациялық және жол-көлік инфрақұрылымының жағдайын тексеріп қайтты. Мәселен, министр Оралдағы кәріз-тазарту құрылымдары мен желілерінің, сондай-ақ Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы КТЖ-нің жағдайымен танысты. Қазір олардың тозу деңгейі ең жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Бұл орайда облыс орталығындағы кәріз-тазарту жүйесі1981 жылдан бері қызмет етіп келе жатқанын айтп кетейік. Ал оған кейінгі рет жаңғырту жұмыстары 2012 жылы жүргізілген.

Аталған сапар кезінде Марат Кәрімжанұлыжергілікті атқарушы органдар мен «Батыс су арнасы» ЖШС өкілдерімен кездесіп, жоғарыда айтылған нысандарды дамыту перспективаларын талқылады.

ИИДМ басшысы Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановпен бірге Ақжайық шағын ауданындағытұрғын үй құрылысының барысын да бағамдады. Мұнда 1500 орынға шақталған 3 мектеп, 500 баланы қабылдауға қауқарлы 4 балабақша, 60 әлеуметтік нысан және 76 көппәтерлі тұрғын үйдің  құрылысы жоспарланған. Оның 25-і (3539 пәтер) қалалық әкімдіктің есебінен салынады. Қазір бұл ауданда 9 қабатты және жеті 5 қабатты баспананың құрылысы қолға алынды.

Сонымен қатар М.Қарабаев М-32 «Орал – Подстепное» жол учаскесіндегі көпірді жөндеужұмыстарының жоспарын және ұзындығы 144 шақырымға жалғасқан Подстепное – Федоровка бағытындағы автожолдың құрылыс барысын байқап қайтты.

Былтыр шілдеде республикалық бюджет есебінен ұзындығы 72 шақырым болатын 2 учаскеде жаңғырту жұмыстары басталып, мердігер ретінде «Казкомсервис» ЖШС (0-36 км учаскесінде) және «ДСК Приоритет» (108-144 км) ұйымдары белгіленген болатын.

Биыл қажетті жұмыстарды жалғастыруға 8 млрд теңге қарастырылды. Ұлттық қордан қосымша бөлінген қаражат есебінен кестеге сәйкес 36 шақырымдай жерге дейін қозғалыс ашылуға тиіс.Қалған 2 учаскені (36-72 шақырым  мен 72-108 шақырым бөліктерінде) әлеуметтік міндеттемелердің аясында инвестор жеке қаражаты есебінен салады деп көзделген. Оның нәтижесінде автожол III-ден II техникалық санатқа ауыстырылады.

Мердігерлер ведомство басшысына жол құрылысы материалдарын дайындап, қажетті техниканы жұмылдыру бойынша, сондай-ақ электр желілерін құрылымдау, жол айырықтары менуақытша айналма жолды салу жөніндегі жұмыстардың қарқынына қатысты ақпаратты айтып берді.

Жолшылардың айтуынша, жыл басынан бері 52,8 мың текше метр фракциялық қиыршық тас (жоспар бойынша 218,5 мың текше метр), 2,56 мың тонна битум (жоспар бойынша 8,2 мың тонна) және 1,13 мың текше метр темірбетон бұйымдары (жоспар бойынша 6,16 мың текше метр) дайындалды.

Осыған байланысты М.Қарабаев негізгі жұмыстарды дер кезінде орындап, белгіленген мерзімнен қалмау үшін дайындықты барынша жеделдетуді тапсырды. Сонымен бірге министрБҚО-ғы автожолдардың, атап айтқанда «Подстепное – Федоровка» учаскесінің құрылысыМемлекет басшысы мен Премьер-Министрдің ерекше бақылауында екенін әрі осы мәселеде қателікке жол берген жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың бірқатар басшысы жазаланғанын еске салды.

Осыған дейін аталған автожол жобалары қаражат тапшылығына байланысты тоқтатылған еді. Қазір Үкімет арнайы қосымша қаражат бөліп отыр. Енді сіздердің міндеттеріңіз – осы жұмысты сапалы және уақытында аяқтау. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Орал – Подстепное» жол учаскесіндегікөпірді жөндеуге қатысты жеке тапсырма берді. Аталған учаске Батыс Қазақстан облысы мен тұтастай еліміздің экспорттық және транзиттік әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады, - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы