Министр жергілікті бюджеттің шығысы қанша теңге екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жергілікті бюджеттердің шығыстары қанша теңгені болғанын айтты.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары 5,9 трлн теңгені құрады. 20 млрд теңге атқарылмаған, - деді министр.
Айтуынша, биыл өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген.
1 қазанда оларға 1 трлн 525 млрд теңге бөлінген. Оның 99,5%-і игерілді. Атқарылмағаны – 7 млрд теңге, оның ішінде үнемделгені – 3 млрд теңге, игерілмегені - 4 млрд теңге, - деп түсіндірді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметте.Ең көп игерілмеу Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қалыптасты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үкіметте құны 16 трлн теңге болатын Ұлттық жоба туралы айтылды
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы