Министр жеңіл көлік бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.​​ Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, елімізде құрастырылатын көлік бағасының өсуі шетелден келетін бөлшектердің қымбат болуы әсер етіп отыр.

Биыл көлік шығаратын әр зауытқа өз бағдарламасын бекіттік. Қай жылы және қандай өнімдер өз ішімізде шығарылуы керектігін анықтадық. Өкінішке қарай оны тез арада алмастыру мүмкін емес. Әр шығаратын қосалқы бөлшекке шетелдік зауыттан сертификат алуымыз қажет. Мысалы, Хундай көлігі болса, оның ішіне салынатын затты шығаратын болсақ, онда «сіздердің көліктеріңізге өз бөлшектерімізді салуға бола ма» деп рұқсат алуымыз керек. Ал оған ұзақ уақыт өтеді. Яғни, бұл дегеніміз мәселе қолымыздан келмегеннен емес, тіркеу рәсімдері өте ұзаққа созылып жатқандығында, - деп түсіндірді Қайырбек Өскенбаев.

Сонымен қатар Өскенбаев құны 10 млн теңгеге дейінгі отандық көліктерді сатып алуға 4 пайыздық жеңілдікпен несие берілетіндігін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы