Министр жеке дәретхана салып алған директорға қандай жаза қолданылатынын айтты

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте өзіне жеке дәретхана салып алған директорға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр директор тексерілетінін мәлімдеді.

Министрлік кез келген оқиғалар мен жағдайдан жедел ақпарат алып отырады. Осыған қатысты жергілікті білім басқармаларының, білім мекемелерінің дұрыс әрі сапалы жұмыс істеуі үнемі сұралып отырады. Бізде біліп сапасын қамтамасыз ету департаменттері жұмыс істейді. Мен департаментке осы оқиғаға тексеру жүргізіп, анықтауға тапсырма бердім. Бұл елімізде болған бір ғана жағдай (еск- дәретхана салып алу), сондықтан білім басқармасының бақылауында. Тексерістен соң нақты шара қабылданады, – деді Ғани Бейсембаев.

Еске сала кетсек, үкімет отырысында Ғани Бейсембаев биыл алғашқы рет оқушылардың қазақ тілінде білім деңгейі тексерілетінін айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы