Министр «Жайлы мектеп» жобасының жай-жапсарын айтты
2030 жылға дейін бірауысымдық оқыту форматына кезең-кезеңмен көшуге мүмкіндік болады. Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2029 жылға дейін қолайлы оқу жағдайлары бар жаңа 1,5 млн оқушы орнын енгізу міндеті тұр. Осы мақсатта 842 мың жаңа орын «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы беріледі. Қосымша 660 мың орын басқа тетіктер арқылы енгізіледі. Нәтижесінде 2030 жылға дейін бірауысымдық оқыту форматына кезең-кезеңмен көшуге мүмкіндік болады. Мектептерге робототехника, химия, биология, физика бойынша 7 мың пән кабинеті ашылады, – деді министр.
Сонымен қатар Аймағамбетов жыл сайын шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан мыңға жуық мектеп жаңғыртылатынын атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Ақшалары болмағандықтан баланы кезекке қоймайды». Аймағамбетов балабақша мәселесі туралы айтты
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы