Министр жауабы: Теңге доллар мен рубльден тәуелсіз болатын кез бола ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Теңге қашан доллар мен рубльден тәуелсіз болады? Ондай күн туа ма?
Қаржы министрі Үкімет кулуарында теңгенің қашан рубль мен доллардан тәуелді болуын тоқтатынын айтты.
Жамаубаевтың айтуынша, экспорттық операция мен шот импорттық операцияны жапқан кезде теңге шетел валютасына тәуелді болмайды
Иә, бұл төлемдер балансы тұрақталып, экспорттық операция мен осы жылғы шот импорттық операцияны жапқан кезде, былайша айтқанда өндірістік секторымызбен экспорттан түсетін пайда артқан кезде болады, - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет кулуарында.
Сондай-ақ министрдің атап өтуінше, Үкімет импортты алмастыру бойынша үлкен бағдарламаны жүзеге асырып жатыр.
Біз импортты азайтып, ел ішінде көбірек өндірсек, өндірілген өнім есебінен экспорттық пайда табамыз. Сол кезде валюта ағыны елге келеді, - деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Директорды мектепте күрделі жөндеу жүргізбегені үшін жауапқа тартуға қарсымын – Аймағамбетов
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы