19 Қыркүйек 2023 2023, 11:38
Фото: - архив
Министр жауабы: Қыста Астананы тағы көк түтін басып кетпей ме?
Астанада жөндеу жұмыстары аяқталып келеді.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Брифингте БАҚ өкілі “Қыста Астананы тағы көк түтін басып кетпей ме?” деп сұрады.
Жөндеу жұмыстары аяқталуда. 4 қазандық көзделген, N3 жылу электр орталығында және соның екеуінің жұмысы осы аптада басталмақ. Сондай-ақ үшінші жылу электр орталығы биыл қыста қосылады. Бұл жылу тапшылығын жояды деп үміттенеміз. Қалада түтін шығаратын тек жылу орталықтары емес, жеке секторлар да бар. Біздің мақсатымыз - үш жылу электр орталықтың қалаға уақытылы жылу беруі, – деп жауап берді Жандос Нұрмағамбетов.