Министр жауабы: Қазақстан коронавирустың жаңа толқынына дайын ба?
Бүгінде стационарда денсаулығына шағым айтып, коронавирустан емделіп жатқан науқастар бар.
Үкіметтің баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясының ахуалы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілі министрге “Кейбір елде коронавирустың өршуіне байланысты карантин шаралары қайта енгізіліп жатыр. Біздегі ахуал қалай?” деп сұрақ қойды.
Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғандықтан, ешқандай шектеу шаралары қарастырылып отырған жоқ екенін айтты.
Біз өткен жылғымен салыстырғанда көрсеткіштер 30 есеге азайғанын көріп отырмыз. Сондықтан жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Бүгінде стационарда денсаулығына шағым айтып, коронавирустан емделіп жатқан науқастар бар. Стационарлардың 2 пайызы ғана толтырылған. Елімізде 2 мың доза вакцина бар. Қытайлық вакцина мен Pfizer бар. Барлық қалағандар тіркелу бойынша кез келген емханада вакцина ала алады, - деді Ажар Ғиният.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Денсаулық сақтау министрі халықтың медициналық көмекке қолжетімділігі жайлы айтты.
- Төрт жылда көші-қон заңын бұзған 100 мыңнан астам шетелдік елден шығарылды – ҰҚК басшысы 17:55
- Ұлттық қауіпсіздік қалқаны: ҰҚК төрағасы ел қауіпсіздігі туралы айтты 17:40
- Тегін отаны ақылы қылған: Атырауда хирург пациенттердің де, МӘМС-тің де ақшасын жымқырған 17:34
- Нақты табыс алғаш рет өсті: Айбар Олжай мұның мәнін түсіндірді 17:20
- Алматыда автобус жол жөндеу орнындағы шұңқырға түсіп кеткен 17:08
- Жамбыл облысында көкпар кезіндегі жанжал атыспен аяқталды 17:01
- Қазақстан қыстың қамына кірісті: Қанша мал азығы дайындалды? 16:47