Министр жауабы: Астанаға келушілердің саны қалай шектелмек

Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанаға келетін халық саны реттелетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда Астана қаласында 1 млн-нан аса адам тұрып жатыр. Бұрынғы Ақмола қаласы 300 мың адамға ғана есептелген. Бүгінде қала халқының саны 1 млн-нан асты. Жастар оқуға келіп жатыр, (қалада) жұмыс орындары ашылып жатыр. Елордадағы бүгінгі инфрақұрылым халыққа (тиісті жағдай жасауға – автор) мүмкіндік бермей жатыр. Егер Астананың көлемі кеңейіп, мүмкіндіктер жасалса, әсіресе, әлеуметтік инфрақұрылым салынса, онда қарастыруға болады. Қазір осындай шешім қабылдауға тура келеді, - деді Дүйсенова.

Министр заң жобасын елорда әкімдігі дайындап жатқанын айтады.

Оқуға келгендер, жұмыс істеуге келгендер бар. Мысалы, жұмыс берушілер оларды жұмысқа шақырып, үймен немесе жатақханамен қамтамасыз етсе, (Астанаға келуге – автор) шектеу болмайды. Қарсылық болмайды. Сіз Астанаға келіп, емделгіңіз, серуендегіңіз келсе, ешқандай қарсылық жоқ. Қайталап айтамын, егер жұмысы болып, оған қажет жағдай жасалса, оған ешқандай кедергі болмайды, - деді Дүйсенова.

@baq.kz_ Министр жауабы: Астанаға келушілердің саны шектелмек #baqkz #бақкз #астана #тамарадүйсенова #министр ♬ оригинальный звук - baq_kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы