Министр: Мен зейнетақы қорындағы жинағымды пайдаланбаймын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР eңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында зейнетақы қорындағы өзінің жинақ қаражатына қатысты сұраққа жауап берді.
Егер бұл заң қабылданып, 2021 жылдан бастап мүмкіндік берілсе, мен өзімнің зейнетақы жинақтарымды пайдаланбаймын, оған тиіспеймін. Себебі ол қаражат келешекте мені зейнетақымен қамтамасыз етуі үшін қажет болады деп ойлаймын. Себебі мен зейнет жасына жеткенде, менің мемлекеттен алатын зейнетақым аз болады. Сондықтан мен өзімнің зейнетақы жинақтарыма үміт артып отырмын, - деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін ол зейнетақы қорындағы қаражатты зейнеткерлер де пайдалана алатынын және қаражатты жақын туыстар үшін алуға болатынын хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы