Министр вакцина туралы: Бұл – денсаулық сақтаудың шарасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адамды вакцинациялау - бұл жеке медициналық қызмет, ол қолданыстағы кодекс және жаңа кодекс жобасы бойынша кез келген азаматқа тек қана осы адамның немесе оның заңды өкілінің (баланың ата-анасының) келісімі бойынша жүргізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында жазды.
Сондай-ақ ол кез келген адамның (ата-ана) вакцинациядан бас тартуға құқығы бар екенін, ол мәжбүрлі нәрсе еместігін айтты.Сонымен бірге халықты вакцинациялау – халықты жұқпалы індеттен қорғаудың жалғыз ғылыми негізделген және дәлелденген әдісі. Сондықтан ол кез келген мемлекет үшін, кез келген халық үшін қажет. Бұл – мемлекеттік денсаулық сақтаудың міндетті шарасы, - деп жазды министр.Елжан Біртановтың жазуынша, егер вакцинациялау міндетті болмаса, онда перзентханалар мен емханалардың дәрігерлеріне оны орындау да міндетті емес. Бұл вакциналарды сатып алу да міндетті емес болады.
Жылына 4 миллионнан астам бала туған кезде және кейін мемлекет есебінен полиомиелит, туберкулез, сіреспе, қызылша, көкжөтел, гепатит, пневмония және басқа да инфекциялардан тегін вакцинацияланбайды, - деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл бірінші сыныпқа 400 мыңға жуық бала барады – вице-министр
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы