Министр ұстаздар мәселесі бойынша әкімдіктерге ескерту айтты

“Педагог мәртебесі туралы” жиналыста Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әкімдіктер педагогтердің кәсіби құқықтарының толық қорғалуын қамтамасыз етулері қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Педагог мәртебесін қорғау жұмысы әр өңірде жүйелі әрі нақты іс-шаралар арқылы жалғасуы тиіс. Педагог мәртебесі туралы заң – ұстаздардың кәсіби құқықтарын қорғауға арналған негізгі құжат. Бұл заңды орындау – тек білім ұйымдарының ғана емес, жалпы барлық мемлекеттік органдардың міндеті, - деді министр жиналыста.

Оның сөзінше, мұғалімді қорғау арқылы біз балаларды және олардың сапалы білім алуға деген құқығын қорғаймыз.

Ведомство басшысы Білім басқармалары мен Аумақтық департаменттерге педагогтер арасында білім саласындағы заңнама нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Министрлік заңнамалық тұрғыдан қолдау көрсетеді, ал ол заңды орындау – тікелей өңірлердің міндеті. Сондықтан өңірлердің әкімдіктері, білім басқармалары мен бөлімдері педагогтердің кәсіби құқықтарының толық қорғалуын қамтамасыз етулері қажет, - деп айтты Бейсембаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы