Министр уәде берген сайын елімізде үш ауысымды мектеп көбейе түсті
Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне қарағанда, елде үш ауысымдық оқыту режимін ұстанатын мектептер саны айтарлықтай өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2021-2022 оқу жылында Қазақстанда 169 үш ауысымды мектеп жұмыс істеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6% - ға көп (160 мектеп). Үш жыл ішінде мұндай мектептердің саны бірден 32% - ға өсті.
Бүгінгі таңда үш ауысымды мектептерде 291,1 мың оқушы оқиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9%-ға көп.
Ranking.kz деректеріне сәйкес, өңірлік бөліністе ең көп үш ауысымды мектептер Алматыда (59 мектеп), сондай-ақ Маңғыстау (18 мектеп), Атырау (17 мектеп), Түркістан (15 мектеп) және Павлодар (10 мектеп) облыстарында байқалады.
19 тамызда Ералы Тоғжанов өңірлердің барлық әкімдеріне үш ауысымды және апатты мектептерді толығымен жоюды тапсырған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
5G. Қазақстанда аукцион өтті
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы