Министр TikTok басшылығымен қазақтілді контентті дамытуды талқылады
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов TikTok платформасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
TikTok платформасының өкілдерімен кездестім. Компанияның өңірлік басшылары мен менеджерлері бар шетелдік делегацияны TikTok-тың билік органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі вице-президенті Такуя Ямагучи бастап келді. Біз қазақ тіліндегі контентті дамыту және қазақстандық спортты, мәдениет пен туризмді ілгерілету мақсатында екіжақты ынтымақтастықты талқыладық, - деді министр.
Қонақтар Қазақстанның әлеуетін атап өтіп, еліміздегі алдағы жоспарлар туралы айтып берді.
Мәдениет, спорт және туризм бөлігінде мемлекеттік тілде контент жасау - біз үшін басым бағыттардың бірі. Әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы ретінде ақпаратты жеткізу үшін әртүрлі құралдарды қолданудың маңызын жақсы түсінемін. Мен Instagram және Facebook парақшаларымды белсенді жүргіземін, жақында ғана Telegram-да канал аштым. Бұл халыққа ақпаратты жылдам жеткізуге мүмкіндік береді. Қонақтар Қазақстанның әлеуетін атап өтіп, еліміздегі алдағы жоспарлар туралы айтып берді, - деді Оралов.
Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігінің ашықтығын және министрліктің жұмысын көрсетуге, аудиторияны өз жобаларына тартуға дайын екендігін атап өтті.
TikTok екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.
Мысалы, компания жазда #кітапток челленджінің екінші толқынын өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қонақтар Қазақстанда контент өндіру бойынша арнайы тренингтер өткізуге дайын екендіктерін хабарлады.
Естеріңізге сала кетейін, МСМ мен TikTok бірнеше бірлескен жобаны жүзеге асырды.
Атап айтқанда, #Наурыз2023 онлайн-фестивалі аясында жарияланған видеороликтер 200 млн-ға жуық қаралым жинады, ал #Booktok жалпы әлемдік тренді аясында #кітапток акциясы – 40 млн мәрте қаралды. Өткен жылы "Kazakh Tourism ҰК" АҚ және TikTok кәсіби гидтерден тікелей эфирде виртуалды экскурсиялар сериясынан басталған #TravelKazakhstan жобасын іске қосты. Бүгінгі таңда осы хэштег бойынша роликтер 23,1 миллион қаралым жинады.