5 Шілде 2019 2019, 19:20
Тоқаев министрге мәдениет және спорт қайраткерлерінің тұрмыс жағдайын жақсартуды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысына министрліктің атқарып жатқан қазіргі қызметі және ортамерзімді жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Қазақстан Президенті жаңа министрге заңнамалар мен нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» және «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын, туризм, спорт, мәдениет және тіл саясаты салаларындағы жобаларды іске асыру жөнінде бірқатар міндет қойды.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту, жергілікті атқарушы органдармен және бизнес-құрылымдармен өзара ықпалдастықты нығайту бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.
- Ақтөбеде аулалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды 22:24
- Мәулен Әшімбаев: Жаңа сын-қатерлерді еңсерудің жасампаз жолы 22:00
- Боранға байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды 21:50
- Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз – "Жаңа адамдар" Қозғалысының көшбасшысы 21:19
- Фермерлер енді суды "жасырын" ала алмайды 20:49
- Алматыда 2000 адамды жұмыспен қамтыған жауапты бизнес қалай дамып жатыр? 20:23
- Атыраудағы әскери бөлімде сарбаз қаза тапты 20:01