Министр: Сілеті су қоймасы ерекше бақылауға алынсын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің төрағалығымен министрлікте «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша бейнеселекторлық кеңес өтті.

Кеңес барысында ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің көктемгі кезеңдегі ТЖ-ға жоюға дайындығы туралы баяндама жасады.

Азаматтық қорғау күштері практикалық іс-қимылдарды пысықтау аясында елді мекендерден 1,8 млн астам текше метр қар шығарды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 1112 отбасыға үй маңындағы учаскелерді қардан және үйлердің шатырларынан мұзды тазарту бойынша көмек көрсетілді.

622 арық, 149 канал, сең жүруі үшін 1330 су өткізу құрылысы тазартылды және дайындалды. 70 шақырым қашықтықта бөгеттер жөнделді, сондай-ақ 50 шақырым  қашықтықта жағалау нығайтылды.

2 млн тонна жанар-жағар май, 900 мыңнан астам тонна инертті материал мен 700 мың құм салынған қап дайындалды.

Су тасқыны күрделенген жағдайда елді мекендерді су басуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдау үшін Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, РЖҚЖ және ТЖМ әскери бөлімдерінен жиынтық жасақтардың күштері мен құралдарының топтары, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері жедел тасымалдауға әзір.

Кеңес соңында Юрий Ильин азаматтық қорғау органдарының алдына бірқатар міндеттер қойды.

Ақмола облысының Сілеті су қоймасы ерекше бақылауға алынсын. Жергілікті атқарушы органдар иесіз гидротехникалық құрылыстарды балансқа алсын. Қажет болған жағдайда халыққа хабарлау сигналдарын жеткізуді қамтамасыз етсін - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы