Министр Сібір жарасы мен Ньюкасл ауруы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында Сібір жарасы мен жануарлардың аса қауіпті аурулары туралы айтты.

Биыл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жануарлардың аса қауіпті бірқатар аурудың таралуы бәсеңдеді. Сібір жарасы мен Ньюкасл ауруы бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақты болып қалып отыр, - деді Сапархан Омаров.

Оның айтуынша, 2019 жылмен салыстырғанда бруцеллез тараған 16 ошақтың саны азайған. Ал 93 қолайсыз пункт бойынша шектеулер алынып тасталса, 59 пунктте ветеринарлық-сауықтыру шаралары жалғасуда екен.

Бірақ өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда республика аумағында құтырма ауруы бойынша жануарлардың аса қауіпті ауру ошақтарының көбейгені тіркелген, - дейді министр.

Оның айтуынша,  биылғы жылғы 9 айда ғана жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы 122,2 млн манипуляция жүргізілген. Вакциналау жүргізу үшін 7,1 млрд теңге сомасына 148,2 млн доза вакцина сатып алыныпты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы