Министр шығыс пен солтүстікті газдандырудың бірнеше жолын айтты

Үкімет отырысынан соң Энергетика министрі Болат Ақшолақов еліміздің солтүстік және шығыс аймағына газ жеткізу жұмыстарының қалай іске асатынын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Шығыс пен солтүстікті газдандыру үшін біз бірнеше жолды қарастарып отырмыз. Біріншіден, ең жылдам жол көршілес елден алып келу. Өте жақын жер жолды тарту өте көп қаражатты талап етпейді. Бірақ мәселе  - бағада. Бірақ мұны күтпестен жаңа газ құбырын салу мәселесін көтердік. Ол «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» екінші кезегін салу мәселесі тұр. Қазіргі таңда газ құбыры толық, артық сыйымдылығы жоқ, бірақ тұтынушылардың саны өсіп бара жатыр. Сол себепті бізге газ құбыры қажет. Жол картасында баға көрсетілмеген, ол үшін коммерциялық келіссөздер жүргізілуі қажет, - деп түсіндірді Болат Ақшолоқов. 

Ақшолақов Үкіметте Қазақстан мен Ресей арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында Ресейден газ импорттауды ұсынды.

Екінші нұсқада ресейлік әріптестеріміз газ беретін нүктесін бекітуі керек. Мысалы, газ Барнауыл немесе Омбыдан тартылуы мүмкін, - деді Энергетика министрі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: KZgovernment
Өзгелердің жаңалығы