Министр Сатыбалды Нарымбетовтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетовтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Министр бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Бүгін қазақ кинематографиясы орны толмас қазаға ұшырады. Кино мен əдебиетте өзіндік суреткерлік əлемін қалыптастырған, қазақ киносына тамаша туындылар тарту еткен Сатыбалды ағамыз келместің кемесіне мініп арамыздан кете барды.

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан кинорежиссёр, жазушы, «Құрмет» орденінің, «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері, Франция кино академиясының Жорж Садуль атындағы тəуелсіз сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетовтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

Əр фильмі мен шығармасы арқылы сол заманның тыныс-тіршілігін, ауанын жеткізуге тырысатын мэтрдің асыл бейнесі қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады.

Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы