Министр Ресей елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ ағымдағы жылы аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлардың кестесін талқылады, - делінген хабарламада.

Қазақстан мен Ресейдің халықаралық ұйымдар және интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы