Министр Ресей елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ ағымдағы жылы аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлардың кестесін талқылады, - делінген хабарламада.
Қазақстан мен Ресейдің халықаралық ұйымдар және интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пандемиядан ерлерге қарағанда әйелдердің жағдайы нашарлаған
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы