Министр қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов барша қазақстандықты келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. 


Құрметті қазақстандықтар!

Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! 

Әрине, дәрігер ретінде, денсаулық сақтау министрі ретінде өздеріңізге, отбасыларыңызға зор денсаулық тілеймін! 

Келесі жылы ерекше жыл болады. Өздеріңіз білесіздер, біздің денсаулық сақтау жүйесіне міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізетін боламыз. Бұл – өте маңызды жүйе. Әрине, көп жыл дайындалдық.

Көп өзгерістер, жақсы өзгерістер болайын деп отыр. Оған біз көптеген әзірлік жұмысын өткіздік. Әрине, енді, кейбір кемшіліктер болса, дұрыс түсінеді деп сенемін. Себебі, бұл жүйелі реформа. 

Жүйелі реформа деген бұл елдің, ұлттың денсаулығы мен болашағын ойлап отырған жүйе. Сонымен, Сіздерден қолдау сұрай отырып, тағы да баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақытты өмір тілеймін!



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы