Министр қазақстандықтардың балықты аз жейтінін айтты

Ел халқы 4 келіден аз балық тұтынады.  Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан жан басына шаққанда, балықты аз тұтынумен сипатталатынын атап өткен жөн. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір адамға жылына кемінде 16 килограмм балық өнімдерін тұтынуды ұсынады. Қазақстанда бұл көрсеткіш 4 килограммнан аз, оны жоғарыда атап өткенімдей, арттыру қажет. Өз кезегінде көршілес Ресей мен Қытайда бір адам сәйкесінше 23 және 43 кг тұтынады. Осылайша, көрші елдердің шекаралас аудандарын ескере отырып, балық өнімдерін экспорттау үшін әлеуетті ниша 3 млн тоннадан астам болуы мүмкін, - дейді Брекешев.

Сондай-ақ министр  Қазақстанның табиғи су айдындарында жыл сайын шамамен 40-45 мың тоннадай балық ауланатынын атап өтті.

Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Өз кезегінде, былтыр 15 мың тоннаға жуық балық өсірілді. Бұл 2017 жылғы деңгейден 5,5 есе жоғары, - деді ведомства басшысы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы