Министр оқу бағдарламасына енгізілген ЖИ өнімдерін атады

Бүгін Мәжілісте өткен “Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту” тақырыбындағы парламенттік тыңдау барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздің жоғары оқу орындарында жасанды интеллектке бағытталған жаңа білім беру бағдарламалары енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, бағдарламалар бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерін толық қамтып отыр. Олар заманауи технологиялық үрдістерге сәйкес жасалған және экономикадағы негізгі салалардың қажеттіліктерімен өзара үйлестірілген.

Оқу бағдарламалары ұлттық компаниялар мен жетекші кәсіпорындармен бірлесіп әзірленді. Теориялық білім тәжірибемен, ғылыми жобалармен және микроквалификациямен ұштасып отыр, – деді Саясат Нұрбек.

Жаңа оқу бағдарламалары әлемдегі технологиялық трендтерге негізделген. Атап айтқанда, оқу жоспарларына мына бағыттар енгізілген:

  • Generative AI (генеративті жасанды интеллект);
  • Large Language Models (LLM) – үлкен тілдік модельдер;
  • Computer Vision – компьютерлік көру;
  • AI Ethics and Regulation – ЖИ этикасы және оны реттеу;
  • Quantum Computing – кванттық есептеулер;
  • Neuromorphic Computing – нейроморфтық есептеулер.

Министрдің сөзінше, бұл бағдарламалар студенттердің математикалық және сыни ойлау қабілетін дамытып, инженерлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы