Министр өңдеу өнеркәсібі саласындағы өсім қандай облыстарда тіркелгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты.

Өңдеу өнеркәсібінде серпінді өсу үрдісі байқалып отыр. Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында өндіріс көлемі 3,9%-ке өсті.15 өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Атырау және Солтүстік-Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалуда.Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 9,2%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 10,2%-ке, вагондар мен локомотивтер өндірісінің – 24%-ке, құрылыс материалдары – 2,1%-ке, дайын металл бұйымдары – 4,4%-ке, пластмасса бұйымдары – 8,7%-ке, фармацевтикалық өнімдері – 17,0%-ке, сусындар – 16,5%-ке, киім өндірісінің – 12,8%-ке өсуі қамтамасыз етілді, - деді ол. 

Министр атап өткендей, тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,4%-ке ұлғайды.

Салалар бөлінісінде өсім шикі мұнай өндіруде 9,2%-ті, газ өндіруде – 8,9%-ті, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде – 7,2%-ті, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 6,2%-ті, металл кендерін өндіруде – 1,2%-ті құрады.Ал көмір өндіруде теріс серпін байқалуда.Қаралып отырған кезеңде құрылыс секторы жоғары өсу қарқынын көрсетіп, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 7,6%-ке өсті.Көрсеткіштің оң өсімі 14 өңір бойынша тіркелген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Қостанай және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалып отыр, - деді ол. 

Қуантыров атағандай, қаңтар-ақпанда тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсу динамикасының қаңтармен салыстырғанда 1,7 пайыздық тармаққа жақсаруы байқалуда, бұл ретте өсім әлі де теріс болып отыр.

Жалпы 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 7,3%-ке төмен.Оң динамика 13 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалуда.Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 1,6%-ке ұлғайды.Ең төмен көрсеткіштер Қостанай және Жамбыл облыстарында байқалуда. Саладағы өндірістің оң өсуі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетті, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы