Министр облыстарды бөлу мен құру құжаттарының жобасы қашан жасақталатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин Үкімет отырысында айтты.
Абай, Ұлытау облыстарының құрылуы, Алматы облысының Жетісу және Алматы облыстарына бөлінуі,облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының саны бойынша шектеу мәселелеріне байланысты Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларын қабылдау.Осы блок бойынша Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларының жобаларын әзірлеу 2022 жылғы маусымда жоспарлануда, - деді Мусин.
Әділет министрлігі заң жобаларын әзірлеу бойынша қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Мемлекет басшысынын тапсырмаларын орындауға дайынбыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мусин Конституцияға қандай өзгерістер енгізілетінін айтты
Өзгелердің жаңалығы