Министр Ноғаев инвестор іздестіріп жүр

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан полиэтилен өндіру жобасын іске асыру үшін стратегиялық серіктес іздестіріп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты.

Қуаты жылына 1 250 мың тонна полиэтилен өндіру жобасы бойынша бүгінгі таңда стратегиялық серіктесті іздестіру жұмысы жүргізілуде. Ол үшін лицензиялық технологияның болуы, өткізу нарықтарына кепілдік беру және қаржыландыруды ұйымдастыру мүмкіндігі сынды негізгі критерийлер анықталды. Соның негізінде мұнай-газ химия компанияларының топтары құрылды,  - деді Ноғаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Chevron Phillips Chemical компаниясымен келіссөздер басталған. Аталған компания өзінің «MarTECH» лицензиялық технологиясын және off-take келісімшартын сүйемелдеуге қатысты көмегін ұсынып отыр.

Ынтымақтастық, оның ішінде жобаға қатысу туралы егжей-тегжейлі мәселелер жақын арада талқыланатын болады. Стратегиялық серіктесті тартудың негізгі шарты – жобаны шикізатпен қамтамасыз ету болып табылатындықтан, бүгінгі таңда Теңізшевройлмен бірлесіп, қуаты 9,7 млрд текше метр газ айырғыш қондырғыны – құрғақ газдан этан алуға арналған қажетті инфрақұрылымды салу мәселесі пысықталып отыр,- дейді министр.

Қазіргі уақытта жапондық Japan Gasoline Co. Holdings Corporation компаниясы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Оны аяқтау осы жылдың соңына жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы