Министр өнім өңдеушілерге қосымша құн салығы бойынша жеңілдік беруді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнімдер экспортын ұлғайту үшін бірнеше ведомствоаралық мәселені шешу қажет екенін айтты.
«Өңделген өнімдерді экспорттау кезінде бизнес үшін тиімді, әрі түсінікті қосымша құн салығын өтеу тәртібін әзірлеу қажет. Қолданыстағы шикізат жеткізушілерге «басынан бақайшағына» дейін жүргізілетін тексеріс аталған процесті қиындатып отыр. Өңдеудің 12 түрінен бөлек, кондитер өнімдері, ет консервілері, ашытқы өндірісі және қант қызылшасын өңдеуде қосымша құн салығы бойынша 70% жеңілдік беру керек», - деді Ауыл шаруашылығы министрі «Ет және сүт өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және экспорттауды дамыту перспективалары» атты паламенттік тыңдауда.Ол Қазақстан Республикасы аумағында өңделген өнімдерді темір жол көлігімен немесе автокөлікпен тасымалдау шығындарын субсидиялауға жұмсалатын қаржы көлемін 10 млрд теңгеге ұлғайту қажет екенін айтты.
«Қазақстанда жасалған Kazakh Organic Food, Halal Kazakhstan ұлттық брендтерін ілгерілету керек. Экспорттың басым бағыттары бойынша ҚР шекарасында жүк терминалдарын құру қажет», - деп атап өтті Омаров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атамқұлов: Қазақ-түрік қарым қатынасындағы Елбасы рөлі ерекше
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы