Министр: Негізі көп дүние әйелдерге байланысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өз кәсібін ашқан нәзік жандылар ел экономикасының нығаюына зор үлес қосып жатыр. Бұл туралы бүгін екінші күн өтіп жатқан Қазақстанның ауыл әйелдері форумында ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. 

Отбасындағы, қоғамдағы әйелдердің рөлі үлкен. Негізі көп дүние әйелдерге байланысты. Өз кәсібін ашқан нәзік жандылар ел экономикасының нығаюына зор үлес қосып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы және тұрақты дамуға қол жеткізу бойынша үкіметтік бағдарламаларды демеу керек екенін баса айтқан еді. Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Сіздердің жұмыстарыңызды насихаттап, көрсету, демеуге мүдделіміз. Әлеуметтік жобаларға қаржат бөлу әрдайым бірінші орында. Еліміздің 14 өңірінен келген, осы залда отырған барша табысты әйелдер қауымына тілейтінім - бұл игі істеріңіз алға өрлеп, жемісін көріңіздер дегім келеді, - деді министр өз сөзінде.

Жиынды ашқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, форумның ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсина бұл жобаның маңыздылығына тоқталып өтті.

7 жыл ішінде 13 мың ауыл әйеліне бизнес-тренингтер өткізіп, оларды оқыттық. 160 ауылға дейін жеттік. Мақсатымыз - ауыл әйелдерін экономикаға тарту. Әрине мемлекеттік бағдарламалар бар, алайда қала мен шалғай ауыл халқының мүмкіншіліктері екі түрлі. Кей кездері ақпарат жетпей қалады. Елімізде іскер әйелдерді қолдаудың тиімді тетіктері бар. Соның бірегейі - бүгінгі республикалық форум. Адамның өзінің ұлттық болмысын көрсететін сәт келеді. Бүгін сол күн деп ойлаймын, - деді Мәжіліс депутаты. 

Республикалық әйелдер форумының екінші форумы Қазақстан әйелдерінің ауылды кешенді дамытуға қосқан үлесі және Тұрақты даму мәселелері-2030 жетістіктеріне арналды. 

Біздің компания жыл сайын осы конкурсқа әлем бойынша 100 миллионнан астам қаржы бөледі. Министр ханымның сөзіне қосыламын, әйелдер - қоғамның негізі, отбасының ұйытқысы. Алғаш рет 2012 жылы үздік бизнес-идеяларға конкурс өткізгенде қатысушылар өте аз болған еді, небәрі 10-нан аса әйел. Осы 7 жылда әжептәуір жетістіккк қол жеткіздік. Қазақстандық жеңімпаздардың бірін жуырда Қытайға халықаралық ЭКСПО-ға жібердік. Енді онлайн-мектеп ашуды жоспарлап отырмыз, - дейді "Coco Cola" компаниясының ресми өкілі Александра Аккирман.

Еске сала кетейік, бүгін жыл сайынғы дәстүр бойынша "Coca-Cola Белестері" байқауының жеңімпаздарын марапаттайтын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы